АИ-95 қымбаттай ма?

АИ-95 қымбаттай ма?
Сурет:Kolesa.kz

Оған сұраныс артуы ықтимал.

Биыл АИ-95 бензині қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

«Қазақстанда АИ-95 бензині бойынша белгілі бір тәуекел пайда болды. Оның бағасы өсуі мүмкін. Бірақ бұл – реттелмейтін сала. Себебі, жазғы маусымда сапарлар саны артады. Әсіресе, бұл курортты аймақтарға қатысты. Осыған байланысты біз дәл осы АИ-95 бензині бойынша тәуекелдерді байқап отырмыз», - деді министр.