Әскерлерде практикалық атыстар өтті

Әскерлерде практикалық атыстар өтті
Сурет: Министрлік

Үйренушілердің дағдыларды игеруіне қарай атыс жаттығуларын орындау шарттары күрделене түсті.

Мамандық бойынша дайындық әскери қызметшілерді оқытудың практикалық атыстармен аяқталатын маңызды кезеңдерінің бірі саналады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қарулы Күштердегі жоспарлы сабақтар барысында әртүрлі атыс қарулары мен жауынгерлік машиналардың қару-жарақтарынан апта сайын бір жарым мыңнан астам атыс орындалды. Оның 30 пайызы түнгі жағдайда жүзеге асқанын айта кету керек.

Әскери-әуе күштерінде сабақтар авиациялық құралдарды қолдана отырып өтсе, Әскери-теңіз күштерінде кеме экипаждары кеменің жауынгерлік атыстарын іске асырды.

Тәжірибелік сабақтардың бәрі атыс жаттығулары түрінде өткізілді. Онда командирлерге ұрыс кезіндегі атысты басқару, ал сарбаздарға атыс техникасымен және қару-жарақпен әрекет ету үйретілді.

Сабақтар алған білімдері мен дағдыларын нығайтуға, атыс дайындығын оқытудағы кемшіліктерді анықтауға молынан мүмкіндік береді. Оның нәтижелерін талдау әскери қызметшілердің атыс дағдыларын арттыру шараларын қабылдауға негіз болады.

Үйренушілердің дағдыларды игеруіне қарай атыс жаттығуларын орындау шарттары күрделене түсті.

Іс-шаралар қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, қатаң түрде ұйымдастырылды. Оқу орындарында атыс алдында жетекшілер жеке құрамға нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізді. Сондай-ақ, атысқа дайындық жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық жүргізілді.