Әскери қызметші Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды

Әскери қызметші Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды
inform.kz

Әскери қызметші Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

«Күдікті бірге шақырылған сарбаздың әріптесі болып шықты. Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі)», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасуда.