Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсті

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсті
Сурет: ашық дереккөз

Бір жыл ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, оның ішінде күріш, картоп, сәбіз сияқты өнімдердің бағасы 9,3%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға индексі соңғы аптада өзгерген жоқ. Жылдық мәнде баға 9,3 пайызға өскен.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстанда сәбіз (+3,3%), картоп (+3%), күріш (+1%), макарон мүйізі (+0,3%), сүзбе сияқты өнімдердің бағасы қымбаттады. Тауық пен сиыр етінің бағасы да шамалы өсті.

Сондай-ақ қырыққабат, тауық жұмыртқасы, қарақұмық, ұн бағасы керісінше арзандады.