Әлемнің ең үздік шахматшысы қазақстандықтан жеңілді

Әлемнің ең үздік шахматшысы қазақстандықтан жеңілді
Сурет: видеодан алынды

23 жастағы Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында әлемнің
ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді ұтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz НЕхабар телеграмм каналына сілтеме жасап. 

«Мен өзім әлі сене алар емеспін! Айтарға сөзім жоқ. Мұндай нәтиже болғанына. Бұл шындық екеніне әлі де сене алар емеспін. Ойын алдында мен ойын тең аяқталады деп ойладым. Тіпті бапкерімде солай айтқан болатын», -дейді Әлішер Сүлейменов.