Әкімдер жауапкершілікті өзіне алып, шешім қабылдаудан қашады

Әкімдер жауапкершілікті өзіне алып, шешім қабылдаудан қашады
kznews.kz

Барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын жыл сайын бағалау жүйесін енгізу керек. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын жыл сайын бағалау жүйесін енгізу керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуы үшін азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату айрықша маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент әкімдердің жауапкершілігін сынға алды.

«Әрбір аймақтың өз ерекшелігі және «әлсіз тұстары» бар. Өкінішке қарай, әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайды. Жауапкершілікті өзіне алып, дер кезінде шешім қабылдаудан қашады», – деді Мемлекет басшысы.