Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ,  ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері: Көздің қарашығындай қорғалсын!

Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ,  ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері: Көздің қарашығындай қорғалсын!
qazaqadebieti.kz

«Таулы аймақтың ауасы секілденген, Аумалы да төкпелі күндерім-ай!» – деп Мұқағали айтпақшы, бәрі де көз алдымызда өзгеруде. Қоғам басқа, заман басқа. Кешегі кейбір жаңалықтар бүгін ескіруде.

Нұрға шомылып, шуаққа бөленіп, шаттық құшағында жүрміз деп өзімізді қанша сендірсек те, өмірдің қатаң талаптары құрғақ қиялдың күлін көкке ұшырады екен. Сондықтан да ең алдымен ата-баба аманатына адалдықты ойлау – аса жауапты, ауыр міндет.

Осы ретте партияның атын «АМАНАТ» деп өзгерту көңілге әбден қонады. Енді бұл партия ұлт мүддесіне қиянат жасамайтын болуы керек.

Ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттік тіліміз, жеріміз, діліміз, қазақы рухымыз көздің қарашығындай қорғалуы керек. Соған қызмет етеді деп сенгіміз келеді.