Адам мың жасайтын күн де алыс емес

Адам мың жасайтын күн де алыс емес
Сурет: Forbes.ru

Америкалық медиамагнат  әрі кәсіпкер  Марк Цукерберг жасанды интеллект арқылы адам ағзасына дейін зерттеуге болатынын айтты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде пост жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Марк Цукерберг әйелімен бірге бар қаржысын  бүкіл ауруды жоюға жұмсауды жоспарлап отыр.

«Присцилла екеуміз жасанды интеллект (AI) ғалымдарға осы ғасырдағы барлық ауруларды емдеуге, алдын алуға немесе бақылауға не көмектеседі деген оптимистік көзқараспен қараймыз. Біз CZI – де виртуалды жасушаны құру үшін жаңа жобаны бастаймыз, ол адам ағзасындағы әрбір жасушаның қалай әрекет ететінін,яғни сау немесе ауру екенін болжай алады. Ол үшін біз биомедициналық ғылымдардың коммерциялық емес саласындағы ең ірі есептеу кластерлерінің бірін құрамыз. Бұл ғалымдарға жаңа жаңалықтар ашуға және жаңа емдеу әдістерін табуға көмектеседі деп үміттенеміз», – деді ол өзінің жазбасында.