Адал еңбек елеусіз қалмайды

Адал еңбек елеусіз қалмайды

Алматыда «Достық үйінде» еліміздің бетке ұстар ақын-жазушылар мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері Республика күніне орай марапат алды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еліміз үшін қастерлі Республика күні биыл жоғары деңгейде атап өтілуде. Оған себепші болған былтырғы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айтулы мерекені жаңғыртуы себепші болды. Енді міне ұзақ уақыт үзілістен соң тәуелсіздіктің бастауы 25 қазан мерекесі халқымызға оралды.

Алматы қаласы тәуелсіз еліміздің тарихында ерекше орын алады. Себебі тәуелсіздіктің бесігі дәл осы қала. Бұдан бөлек ұлтымыздың қаймағы интеллигенция шоғырланған қала. Халқымыздың қалаға деген ықыласы ерекше. Осы орайда биылғы Республика күнінде қолына қалам ұстаған ақын-жазушылар мен еліміздегі татулық пен қоғамдық келісімге үлес қосып жүрген Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президент атынан марапаттарды табыстау мәртебесі Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаевқа бұйырды. Арман Оразбайұлы құттықтау сөзінде «адал еңбек елеусіз қалмайтынын» атап өтті. 

Ақын-жазушылардан:

 «Парасат» орденімен – Қасымхан Сейітханұлы Бекманов

«Құрмет» орденімен – Арасанбай Жексенұлы Естенов, Жандаулет Тұрсынбай, Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбеков, Бауыржан Серікбайұлы Қарібеков, Қожахметова Мағира, Нұржан Қуантайұлы, Бақыт Мерекенова, Тұрсынәлі Рыскелді

«Ерен еңбегі үшін» медалімен – Зария Әмірғазы Жұманова, Ділбар Мамырбаева

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен – Қансейіт Әбдезұлы, Тынышбек Майлыбайұлы Дайрабай, Заида Елғондиева, Ғалым Қалибекұлы, Тұрсынбек Қамбалова Токин, Қуандық Түменбай.

ҚХА атынан келесі тұлғалар марапатталды:

«Бірлік» медалімен – Жакупов Жандильда, Владимир Гиоргиевич

«Жомарт жан» төсбелгісімен – Мамедова Майя, Иткин Павел

Құрмет грамотасымен – Попова Елена, Юрий Исакович 

Алғыс хаттармен – Мартиросян Норикович, Аружова Севинч, Уралбаев Абдухалил, Мендиган Жамалбекова.