Алматыда балаларды оңалту орталығы ашылады

Алматыда балаларды оңалту орталығы ашылады
Сурет: Inform.kz

Бұрынғы теміржол ауруханасының тарихи келбетін сақтап, жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жұмыстар 2024 жылдың IV тоқсанында аяқталуы тиіс. Құрылыс аяқталғаннан кейін, онда заманауи «Қалалық балаларды оңалту орталығы» ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ әкімдік 2023 жылдың соңына дейін тағы екі жобаны әзірлейді, олар: Әйтеке би көшесіндегі ревматологиялық орталықтың ескі ғимаратының орнына 500 келушіге арналған жаңа емхана салу (сараптаманың шығуы – 2024 жылдың I тоқсаны (наурыз) және Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығының жобасы (сараптаманың шығуы 2023 жылдың IV тоқсаны).

Екі нысанның құрылысын 2024 жылдың көктемінде бастау жоспарланып отыр.