Жеңілдетілген автонесие беру осы айдың аяғында басталады

Жеңілдетілген автонесие беру осы айдың аяғында басталады
Сурет: Аzattyq-ruhy.kz

Бағдарламаға утиль алымынан түскен 100 миллиард теңге бөлінеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жеңілдетілген автонесие бойынша шешім қабылданған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Автонесиеге келетін болсақ, бүгін отырыста шешім қабылданды. Бұрын айтқанымдай, осы айдың аяғында жұмысты бастаймыз. Шешім ресми түрде қабылданды. Енді әріптестеріміз жұмысқа кіріседі», - деді Өскенбаев.