94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр - ДСМ

94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр - ДСМ
Cурет: Ашық дереккөз

488 адамның жағдайы ауыр

Коронавируспен ауырған 94 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 20 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 644 адам коронавирус инфекциясынан (–26 362+ және 4 282 КВИ-) емделуде, олардың ішінде: 6 472 пациент стационарда, 24 172 науқас амбулаторияда ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 488 адамның жағдайы ауыр, 133 пациенттің жағдайы өте ауыр, 94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.