Эпидемиологиялық ахуал: тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Эпидемиологиялық ахуал: тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті
сурет: 24.kz

2021 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. Кешегі мәлімет бойынша, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары «жасыл» аймақта тұрған болатын.