Тоғыз жасар қазақстандық әнші қырғыз елінде өткен фестивальде жеңімпаз атанды

Тоғыз жасар қазақстандық әнші қырғыз елінде өткен фестивальде жеңімпаз атанды
Сурет: Kartinkin.net

Қырғызстанда өткен «KGтай» өнер фестивалінде 9 жасар қазақстандық әнші Нұржайна Таубалды жеңіске жетті.

Арқалық қалалық мәдениет бөлімінің дерегінше, Нұржайна бірнеше елдің өнерпаздары қатысқан сайыста «Вокал» номинациясы бойынша 1-орынға ие болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Нұржайна Таубалды Арқалық қаласында туған. Бүгінде ол қалалық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Інжу-Маржан» тобының мүшесі. Кішкентай өнерпаз бұған дейін халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстарға қатысып, жүлдегер атанған. Ал, былтыр халықаралық «Алтын микрофон-2021» балалар ән байқауында ІІІ орын алған.