9 мамырда Қазақстан Президенті Қызыл алаңда өтетін Жеңіс шеруіне қатысады

9 мамырда Қазақстан Президенті Қызыл алаңда өтетін Жеңіс шеруіне қатысады
сурет:dp.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ресейге жұмыс сапарымен барады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлім еті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады».

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген.

Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады. Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған.