8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сурет: 24.kz

Бүгін бүкіл ел аумағы атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Қазгидромет синоптиктері  сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Республика бойынша жел күшейеді. Тек республикамыздың батыс бөлігінде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық, Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Абай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.