60-тан астам мигрант суға батып кетті

60-тан астам мигрант суға батып кетті
Сурет: ашық дереккөз

Ливия жағалауында кеме апатқа ұшырап, кем дегенде 61 адам қаза тапты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Халықаралық көші-қон ұйымының Ливиядағы бөлімшесі бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазған.

«Ливия жағалауындағы қайғылы кеме апатынан кейін 61 мигрант, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты», - делінген хабарламада.

Суға батып кеткен кеме жолаушыларының көбі Нигерия, Гамбия және Африка елдерінің азаматтары болған. Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері аман қалғандарға медициналық көмек көрсетіп, 25 адам Триполи маңындағы сауықтыру орталығына жіберілді.