Алматы полициясы миллионнан аса айыппұлы бар жүргізушіні анықтады

Алматы полициясы миллионнан аса айыппұлы бар жүргізушіні анықтады
Almaty-akshamy.kz

Құқық бұзушыны Алматы полициясының іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады.

«Мерседес» маркалы көліктің жүргізушісіне жол ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы 1 миллион 176 мың 450 теңгені құрайды.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - деп жазды полициядан.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізілуде.