6 білім беру мекемесінің мұғалімдеріне жалақы уақытында берілмеген

6 білім беру мекемесінің мұғалімдеріне жалақы уақытында берілмеген
Сурет: ашық дереккөз

Прокуратура білім беру мекемелерінің 800-ден астам оқытушыларына жалақының уақтылы төленбегенін анықтады.

Алатау ауданының прокуратурасымен жалақы берешегін анықтау бойынша үнемі мониторинг жүргізіледі. 

Мониторинг барысында қала аумағының 6 білім беру мекемесінің қызметкерлеріне (мұғалімдеріне) жалақы бойынша 230 млн. теңгеден астам сомаға берешек бар екендігі анықталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесімен жалақы бойынша берешек 803 қызметкердің алдында толығымен өтелді, заңдылықты бұзуға жол берген білім беру мекемелерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.