Алматыда 2023 жылы 920 мыңнан астам қала тұрғыны спорттық іс-шаралармен қамтылады

Алматыда 2023 жылы 920 мыңнан астам қала тұрғыны спорттық іс-шаралармен қамтылады Сурет: Cамат Құсайынов

Қала тұрғындары үшін биыл үш мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.


Айта кетейік, Алматы тұрғындары тек бұқаралық спортта ғана емес, кәсіби спорт түрлерінде де ерекшеленді. Алматы спортшылары республика құрамасының 30%-ын құрады - 772 адам. Бұл деректерді ӨКҚ брифингі барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мәлімделгендей, Алматыда әртүрлі меншік түріндегі 3 703 спорт нысаны жұмыс істейді. Бүгінгі таңда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 72,5% -ды құрайды.



«Сонымен қатар, «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жаңа спорт нысандарын ашу мен жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын жаңғыртуды, оның ішінде жыл сайын 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуды қамтитын қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау көзделген»,-деп хабарлады Арман Қырықбаев.



Бүгінде қалада Жетісу ауданының Кемел, Айнабұлақ және Құлагер шағын аудандарында үш ДШСК жұмыс істейді. Биылғы жылы жеке қаражат есебінен наурыз айында Бостандық ауданында «Чемпион» спорт кешені ашылды.  Осы жылдың соңына дейін Зерделі, Жас қанат және Алатау шағын аудандарында тағы үш ДШСК іске қосылады.


Барлық кешендер көп функциялы болып табылады, онда ойын спорт түрлеріне, жекпе-жекке және су спортына арналған әмбебап зал орналасқан, сондай-ақ олар дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға бейімделген.
 
Алматы әкімінің орынбасары бүгінгі таңда Ақжар, Шұғыла, Саялы шағын аудандарында және Авиатор стадионында тағы төрт ДШСК жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын хабарлады. Райымбек даңғылы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт орталығының ЖСҚ дайындалуда.


Бұдан басқа, «Орталық стадионды», «Медеу» СК мұз айдынын жаңғырту және 5000 орындық жеңіл атлетикалық манеж салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев бұқаралық және жоғары жетістіктер спортының дамуына тоқталды. Мысалы, и2023 жылы 3 мыңға жуық, оның ішінде 35 ірі халықаралық, спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Олардың арасында: шахматтан Азия чемпионаты, FIBA 3*3 Asia Zone Qualification, Алматы марафоны, эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем чемпионаты, киокушинкай-кан каратэден Әлем чемпионаты, семсерлесуден Азия чемпионаты және т.б.


Биылғы жылы алматылық спортшылар 373 медаль жеңіп алды, ҚР IV қысқы жастар ойындарында және ҚР VI жазғы спартакиадасында жалпы командалық есепті біріншіорынды сенімді иеленді. Ханчжоуда өткен Азия ойындарында біздің спортшылар 26 медаль жеңіп алды (1 – алтын, 4 – күміс, 21 – қола). Бұл Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда екінші көрсеткіш.
 
Арман Қырықбаев Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Алматы атынан қатысқан еркін күрескер Айтмұхан Ризабек әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26