580 мыңға жуық жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді

580 мыңға жуық жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді
Cурет: Baq.kz

87 051 бала емізетін әйел вакцина алды

Қазақстанда 580 мыңға жуық жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен вакциналау жалғасуда.
11 наурыздағы дерекке сәйкес, вакцинаның І дозасын 895 411 адам, ІІ дозасын 688 552 адам салдырды. Оның ішінде:
І компонентімен
- жасөспірімдер – 741 371,
- жүкті әйелдер – 33 947,
- бала емізетін әйелдер – 117 105.

ІІ компонентімен
- жасөспірімдер – 575 823,
- жүкті әйелдер – 25 610,
- бала емізетін әйелдер – 87 051 егілді.