437 учаскелік инспектор жетіспейді

437  учаскелік инспектор жетіспейді
Сурет: Liter.kz

Қанат Таймерденов полициядағы маман жетіспеушілігі мәселесі жайында да айтты.  

Шаһардың бас сақшысының айтуынша, қалалық Полиция департаментінде 6040 қызметкер еңбек етуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Оның ішінде 5597-і  аттестацияланғандар. Қалғаны – мемлекеттік әкімшілік қызметшілер. Күнделікті, кезекші отрядтан басқа, қоғамдық тәртіпті күзетуге 1500 полицей 550 патрульдік бекеттерге жіберіледі.

Спикер атап өткендей, кадрларды тек мамандандырылған жоғары оқу орындарының түлектері ғана толықтырмайды.

Басқарма бастығының пікірінше,  қалалық ПД 10 қызметкерінің төртеуі 25-ке толмаған. Жыл сайын Алматыға арнайы университеттерден, Қарағанды  және ІІМ академиясынан жұмысқа орналасуға 100-120 адам келеді.

«Сонымен қатар, біз азаматтық университеттерден ішкі істер органдарына қызмет етуге ниет білдірген адамдарды да  аламыз. Біз өзімізді ұдайы жаңартып жатырмыз. Егер тек жеке құрамды алатын болсақ, ондағы жаңару үрдісі шамамен 40 %-ға жуықтайды. Бұл дегеніміз 25 жасқа толмаған қызметкерлер жұмыс жасайды дегенді білдіреді», – деп айтты Қанат Таймерденов.