Алматылық полицейлер 100 пайыз вакцина алды

Алматылық полицейлер 100 пайыз вакцина алды
Сурет: Platon.asia

Қанат Даниярұлының айтуынша, қаланың полиция басқармасындағы жеке құрам және баршасын қоса санағанда 6040 қызметкер, түгелімен 100 пайыз екпе қабылдаған.

 
Бұл туралы Алматы телеарнасындағы AKIMAT LIVE бағдарламасында Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


«Өздеріңіз білесіздер, былтыр біз дәрігерлермен  бірге блок-бекетте қызмет жасадық. Карантин кезінде біздің қызметкерлер алдыңғы шепте болды. 364 қызметкер осы індетпен ауырып шықты. Бір қызметкеріміз, өкінішке қарай, көз жұмды. Биыл жаппай вакциналау басталған кезде  бірінші болып екпе алуды қолға алдық. Қазіргі таңда полиция департаментіндегі жеке құрам және барлық қызметкерді қосқанда 6040 қызметкер толығымен 100 пайыз екпе алды», – деді Қанат Таймерденов.