4 қалада ауа сапасы нашарлайды

4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дереккөз

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

21 қыркүйекте Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.