32 адам коронавирус жұқтырды

32 адам коронавирус жұқтырды
сурет:kaluganews.ru

Елімізде 1 141 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Өткен тәулікте елімізде 32 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 мамырдағы мәлімет бойынша, 1 141 адам коронавирус инфекциясынан (–986+ және 155 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 155 пациент стационарда, 986 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 адамның жағдайы ауыр.