Биыл Қазақстан экономикасы 2,5%-ға өсті

Биыл Қазақстан экономикасы 2,5%-ға өсті
Сурет: Trend.az

Капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 6,7%-ды құрады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстанда қай салалардың көрсеткіштері өскенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

«Қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ды құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім - 2,8%-ды, ал қызмет көрсету саласында - 1,6%-ды құрады»,- деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, биыл елімізде ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салаларының көрсеткіштері өсті.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 6,7%-ды құрады. Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар ағыны өнеркәсіпте - 4,1%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде - 13,7%-ға, сондай-ақ ауыл шаруашылығында - 7,4%-ға, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда - 14,7%-ға, көлікте және қоймада - 8,5%-ға өсті»,- деп толықтырды министр.