3000 адам әскери дайындыққа шақырылады

3000 адам әскери дайындыққа шақырылады
Сурет: интернеттен

Қорғаныс министрлігі "Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрық дайындады.

2024 жылы әскери дайындыққа екі есе көп қазақстандық шақырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"2024 жылы әскери дайындықтан өтуі тиіс 3000 адамды әскери дайындыққа шақыру", - делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.