3 айда 1840 шам орнатылды

3 айда 1840 шам орнатылды
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Наурызбай ауданында сыртқы жарықтандыруға ерекше назар аударылуда. 2023 жылы 59 көше ұзындығы 43 шақырым сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етілді. Аудандарға көше жарығына қызмет көрсету бойынша берілген функцияны ескере отырып, өтінімдерді пысықтау уақыты айтарлықтай қысқарды. Соның нәтижесінде 2023 жылдың соңғы 3 айында ғана 17,6 шақырым кабельдік желі ауыстырылып, 1840 шам орнатылды.

2024 жылы тағы 87 шақырым әуе және кабельдік желілерді жаңғыртуды, 3,5 мың жарықтандыру шамдарын және 230 саябақ шамдарын ауыстыру жоспарлануда. Бұл мақсаттарға 1,1 млрд. теңге (2023 жылы 559 млн. теңге) бөлінді.

Сонымен қатар, Халық қатысатын бюджет аясында 2024 жылдың соңына дейін аудандағы барлық жарықсыз қалған шағын көшелерді жарықтандыру жоспарлануда.