2030 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспары бар

2030 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспары бар
Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.

2024 жылы 64 мың азаматтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысына 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс  министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еліміздегі жалпы тұрғын үй құрылысын алсақ, соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 78,5 млн ш. м. жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша, барлық қаржыландырудың көздері есебінен 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

«2030 жылға қарай, қаржыландырудың барлық көздері есебінен 111 млн ш. метр тұрғын үй салу және 1 млн-нан астам отбасын жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», – атап өтті Министр.

2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі і Үкіметтің іс-қимыл жоспарына сәйкес, тұрғын үй құрылысы көлемі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды енгізумен 15,5-тен 18 млн-ға дейін ұлғайды.

Сонымен қатар Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету шаралары туралы айтты. Бұл келесі механизмдер: әкімдіктермен дайын пәтерлер сатып алу, зардап шеккен азаматтардың бекітілген жобаға сәйкес өз қалауымен баспана таңдауы, әкімдіктермен жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың шығындарын өтеу.

Министр саяжай иелері, егер бұл олардың жалғыз баспанасы болса, оларды баспанамен қамтамасыз ету, сондай-ақ қираған үйге құқық беретін құжаттары болмаған жағдайда баспана беру туралы айтты.

Құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғын үй сатып алынғанша зардап шеккен азаматтар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі. Өз кезегінде, зардап шеккен азаматтар үшін қолданыстағы нормалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тетіктерін, сондай-ақ өз бетінше құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін төлемдерді қарастырады.