Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі  Қазақстанға келеді
Сурет: Gov.kz

24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына сапары өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Астанада Д.Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деген жоспар бар.