2026 жылға қарай әлемдік нарықта екі млн робот пайда болады

2026 жылға қарай әлемдік нарықта екі млн робот пайда болады
wylsa.com

«Ғаламдық өнеркәсіп аналитикасы» атты зерттеу компаниясы осындай болжам жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазірдің өзінде қызмет көрсетуге және өндіріс жұмыстарына арналған роботтарға сұраныс күннен күнге артып барады. Лондонның оңтүстік-шығысындағы алып қоймада 2 мыңнан астам робот жұмыс істейді. Бейне бір алаңда доп ойнаған футболшылар сияқты. Бір секундта 4 метр аумақта қозғала алатын құрылғылар онлайн азық-түлік супермаркетіне тапсырыс берген тұтынушыларға керегін тауып, жинап, салып, көлікке тиеп жібереді.

Қазір бұл роботтарға халықаралық бизнесмендер тарапынан қызығушылық жоғары. Себебі пандемиядан кейінгі кезеңде жұмыс күшінің тапшы болатын түрі бар. Ал қызметкер қатары азайған сайын сұраныс пен жалақы да өспек. Қазірдің өзінде АҚШ, Жапония, Франция сияқты 9 ел сатып алу туралы шартқа қол қойған. Толық автоматтандырылған қойма 10 жылдай бұрын 310 миллион долларға салынған.