Маса қандай адамдарды шағады?

Маса қандай адамдарды шағады?
Сурет: Kyn.kz

Топтасқан адам ішінде маса бірінші адамды қалай табатыны туралы ғылыми тұжырымдар көп. 

Медицина мамандары маса ең бірінші адам тыныс алған ауаға қарап оларды іздеп табады деп тұжырымдайды. Жүкті әйелдер тыныс алған кезде көмірқышқыл газын өзгелерден артық бөледі екен. Сондықтан маса адамдар арасындағы аяғы ауыр әйелді бірінші болып шағады. Қызықты деректі Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Таза ауада дене жаттығуларын жасап жүрген адамды маса шағуға құмар. Терлеп жүгіргеннен кейін маса денеде бөлінетін сүт қышқылына қажет етеді.

Мамандар адам денесін қыздыра түсетін ішімдіктерден кейін, маса атаулы бірден сезетінін анықтаған.

Ғылыми зерттеудің нәтижесіне қарасақ, масалардың 83 пайызы ғана  I-ші топтағы адамдарды шағады екен. Қаны II-ші топтағы адамдарды масалар сирек шағады екен. Егер ғалымдар айтқан тізімде болсаңыз күн жылыда масадан қорғанып жүруге кеңес береді.