2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тұмары таңдалды

2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тұмары таңдалды
Сурет: Ашық дереккөз

Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған

Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмары ақ және қоңыр түсті дулығалы ақкіс (ақ тышқан) болмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оларды Италияның Катанзаро провинциясындағы мектеп оқушылары салған. Ақкістің бірі ақ пальтода, екіншісі қоңыр түсті. Содан кейін бойтұмарлар жалпыхалықтық дауыс беру арқылы таңдалды - қатысушылардың 53%-ы тышқандарға дауыс берді. Екінші орын эдельвейс гүліне бұйырды, деп жазады Inside the Games.

Таңдауға Италияның 81 провинциясынан 681 сынып пен 82 мектептен - барлығы 1600 өтінім қатысты. Итальяндық студенттер Олимпиада және Паралимпиада екі кейіпкерге дизайн ұсынысын жіберу арқылы өзінің қиялын пайдалануға және шығармашылық қабілетін көрсетуге шақырылды.

Милан мен Кортина-д'Ампеццодағы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтеді.