20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы облысында қатты аяз болады

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, ауқымды солтүстік-батыс антициклон Қазақстан Республикасындағы синоптикалық жағдайға әлі де өз әсерін сақтайды, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, тек республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады, оңтүстігінде жел күшейіп, тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында түнде 25 градус қатты аяз болады.

Астана қаласы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -23-25°С, күндіз -9-11°С болады.

Алматы қаласы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -14-16°С, күндіз -4-6°С болады.

Шымкент қаласы – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -10-12°С, күндіз 0,+2°С болады.