«1WIN» онлайн-казино ұйымдастырғандарға халықаралық іздеу жарияланды

«1WIN» онлайн-казино ұйымдастырғандарға халықаралық іздеу жарияланды
Сурет: Dubna.ru

Онлайн-платформа тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен.

Алматы облыстық Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі мәлімдеді. Ойыннан түскен қаржы интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берген. Былтыр жалпы онлайн-казино айналымы шамамен 4 миллиард теңге болған. Қазір онлайн-казино сайты бұғатталған. Төрт ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды.

Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге тыйым салынды. Сондай-ақ 2 автокөлік тәркіленді.