188 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

188 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сурет: Sputnik.kz

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 188 жағдай тіркелді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 42, Алматы қаласында - 91, Шымкент қаласында – 13,Ақмола облысында – 6, Алматы облысында - 12, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында - 8, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 11, Қостанай облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 172 жетті. Сонымен қатар 47 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.