18 күні Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі

18 күні Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Ашық дереккөз

18 күні Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі

18 шілде күні сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі.

Ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

Еске салсақ, Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу  Томирис шағын ауданы, Центральная көшесі 126/1 мекенжайындағы №205 жалпы білім беретін мектепте өтеді.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Алатау әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады:

1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 

2. https://m.facebook.com/%D0%90%D0%BF%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82-%D0%B0%D0%BA%D0%B8%D0%BC%D0%B0-%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D1%80%D0%B0%D0%B9%D0%BE%D0%BD%D0%B0-101807182539097/