Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей жанып кетті

Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей жанып кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Қазір шаруашылыққа келген шығын есептеліп жатыр

Атырауда жеке шаруашылыққа тиесілі мыңнан астам "Еділбай" тұқымды қой тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz astanatv-ға сілтеме жасап.

Оқиға Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Жалғызапан ауылы маңында болған. Ресми дерек бойынша, 47 гектар жер отқа оранған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, тілсіз жау Ресей Федерациясы Астрахань облысының аумағында тұтанған. Кейін Атырау облысына жайылған. Серіктестік тірі қалған қойды сойып алып үлгеріпті.

«Тірі қалған 199 бас қой сойып алынды. 304 бас қой Атырау қаласына автокөлікпен жеткізілді. Шығын көлемі 500 бас қой. Серіктестік тарапынан мал басы шығыны жөнінде құзырлы органдарға арыз-шағым түскен жоқ», - дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев.

Жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, өртті сөндіруге 30 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылған. Жалғызапан және Сүйіндік ауылының ерікті тұрғындары жалынды ауыздықтауға атсалысқан.

Абырой болғанда, адам аман. Қазір шаруашылыққа келген шығын есептеліп жатыр.