172 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болды

172 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болды
Сурет: Astanatv.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Республикалық комиссия шешімімен 172 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Олардың ішінде 138 стипендиат магистратурада, 8 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 60 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытында, ал қалған 40 пайызы қоғамдық-гуманитарлық сала бойынша білім алады.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.