(17–23-наурыз,2011)

Аптаның алғашқы бөлiгi мейлiнше сәттi болады. Ойға алған мақсатты, қолға алған iстi орындауға мүмкiңдiк туады. Көктемнiң шуақты күндерi көңiл-күйiн көтерiп, шабыт шақырады. Сондай-ақ, аптаның алғашқы күндерiнде сейiл құруға, iс-сапарға шығуға жол түседi. Ал бұл мүмкiндiктер жаңа дос табуға, сыйластық қарым- қатынасты кеңейтуге себепкер болады. Бұл аптада жекелеген жұмыста қиындық сезiлмейдi. Көкейкестi мәселелер барынша тез жүзеге асады. Дегенмен, бейтаныс адамдармен сейiл құрудың немесе iс-сапарға шығудың қажетi жоқ.

Тоқты (21.03 – 20.04) Сiз жаңарудың, жаңа байланыс жасаудың қажеттiлiгiн сезiнесiз. Бұрыннан келе жатқан ескi ренiштi жоюдың мүмкiндiгi бар. Түйiндi мәселенiң де шешiмi оңай табылады. Бұл апта тоқтылар үшiн дос табуға, кездесулер ұйымдастыруға аса қолайлы. Олармен уақытты көңiлдi өткiзудiң ғана емес, ақылдасудың, пiкiрлесудiң де пайдасы зор. Бұл әсiресе, сiзге сырт адамның көзқарасын бiлу үшiн тиiмдi. Сiздiң бастамаңыз серiктесiңiзден қолдау таппауы мүмкiн. Мұның аяғы дау-жанжалға соктыруы да ғажап емес. Бұл кезде серiктеске ештененi де дәлелдеп жатудың керегi жоқ. Уақыт бәрiн де өз орнына қояды.

Торпақ (21.04 – 21.05) Торпақтар бұл аптада үй жұмысына ерекше назар аударады. Өзге жұмыстармен, яғни көлденең iстермен айналысуға мүмкiндiк те болмайды. Маңызды iстердi аптаның басында жоспарлағаныңыз жөн. Аптаның екiншi жартысы кейбiр кездейсоқ әрекедгердiң әсерiнен киындау өтедi. Аяк астынан науқастанып қалуыңыз мүмкiн. Оқудан немесе жұмыстан қол үзуiңiзге тура келедi. Мұндайда дәрiгерге көрiнiп, емделген абзал. Әсiресе, ескi аурулары бар торпақтар үшiн апта айтарлықтай қауiптi. Егiздер (22.05 – 21.06) Егiздер бұл аптада сабақтан бас алмайды. Әсiресе, аптаның алғашқы жартысы сабак оқуға қолайлы. Сондай-ақ бұл апта отбасын құраған, көп уақыттарын бала тәрбиесiне арнаған егiздер үшiн де қолайлы. Ал сапарға шығудың сәтi келедi. Бұл уақытта сiз кез-келген байқауға, жарыстарға, тағы да басқа қызмет түрлерiнен өтетiн басқосуларға қатысып, жеңiмпаз атануыңыз өте мүмкiн. Аптаның екiншi жартысы да сәттi болады. Кейбiр достарыңызбен немесе сүйiктi адамыңызбен арада түсiнiспеушiлiк орын алуы ықтимал. Түсiнiспеушiлiктiң отын қаузауға достарыңыздың бiреуi себепкер болады. Шаян (22.06 – 23.07) Шаяндар үшiн бұл аптада қуанышты жағдайлар көп ұшырасады. Ерлi-зайыптылар арасында махаббат сезiмi бұрынғыдан да арта түседi. Ол бiрқатар қуанышты жағдайлардың орын алуына әсерiн тигiзедi. Бұл апта ата-аналармен арадағы түсiнiспеушiлiк жағдайларды жолға қоюға да қолайлы. Некелiк шарттар мен өсиеттердi нотариалдық кеңсе арқылы қаттаудың сәтi түседi. Аптаның екiншi жартысында жұмыста ауыртпалық орын алады. Бұл отбасындағы тыныштықтың бұзылуына әкелiп соғуы мүмкiн. Сондықтан да, үйде және жұмыста атқарылатын жұмыстарды, оларға бөлiнетiн уақытты мейлiнше дұрыс пайдаланған абзал. Арыстан (24.07 – 23.08) Арыстандар бұл аптада айналасындағы адамдардың өздерiне бұрынғыдан гөрi мейiрiммен және сенiммен қарайтындарын сезiнедi. Сiзге кез-келген iстi атқаруға серiктес табуға немесе келiсiм-шарт жасасуға мүмкiндiк туады. Әсiресе мұндай жағдайлар отбасын құрған арыстандар арасында кең етек алады. Осы аптада үйлену тойларын өткiзудiң, сүйiктi адамға жүрек сырын ашудың мүмкiндiгi мол. Аптаның соңында көкейкестi мәселелер орын алуы ғажап емес. Мұндай жағдайда мамандардың немесе достардың көмегiне сүйенген абзал. Апта соңында қиындықтар болады. Жаңа таныстық қолайсыз жағдайға мұрындық болады. Бикештер (24.08 – 23.09) Бикештер өздерiне ерекше көңiл бөледi. Түр-тұлғаларын дұрыстайды, осынысымен де төңiрегiне сұлулық нұрын шашады. Бұл аптада диета ұстаудың, жаттығулар жасаудың пайдасы мол. Кейбiр бикештер үй жұмыстарына көңiл бөледi, үй iшiн тазалау, кiр қонды жуу, жөндеу т.б. шаруаларды атқаруға тырысады. Солардың бәрi мүмкiн болады. Бұл сiздiң көңiл-күйiңiздiң көтерiлуiне әсер етедi. Отбасыңызда ақшаның қырсығынан түсiнiспеушiлiк орын алады. Қолда бар қаржыны қайда және қалай жұмсауды реттеу сiз үшiн қиындық туғызуы мүмкiн. Таразы (24.09 – 23.10) Бұл аптада көңiл-күйiңiз көтерiлiп, шығармашылық жұмысыңыз өнiмдi болады. Көңiлiңiз қалаған жерде және жаныңыз қалаған жұмысты аткаруға мүмкiндiк бар. Осы аптада сүйiктiңiзбен бiрге мерекелiк iс-шараларда, концерттерде, кинотеатрларда және көрме залдарында боласыз. Отбасын құрған таразылар үшiн балаларының тәрбиесiмен айналысу маңызды. Аптаның екiншi жартысында жеке жұмысыңызда қиындықтар туындайды. Анығырақ айтқанда, серiктесiңiзбен арада келiспеушiлiк орын алады. Келiспеушiлiк бiр-бiрiңiздi түсiнбеушiлiктен болады. Сарышаян (24.10 – 22.11) Аптаның басында ата-аналарға көңiл бөлгендерiңiз, қажеттi шаруаларын атқарғандарыңыз жөн. Әсiресе, қарт кiсiлердiн, жағдайын естен шығармаған дұрыс. Оларға сiздiң көмегiңiз ауадай қажет. Отбасыңыздағы қарым-қатынас жақсарады. Егер сiз осы аптада үйiңiзге жеңiл немесе үлкен жөндеу жұмыстарын жүргiзудi ойға алсаңыз, iске батыл кiрiсiңiз. Ойыңыздың жүзеге асатынына еш шүбә жоқ. Жеке басты сарышаяндар у-шудан аулақ болуды қалайды. Апта соңында денсаулығыңызға көңiл бөлiңiз. Сапалы және дәруменi мол тағамдарды пайдаланғаныңыз жөн. Мерген (23.11 – 21.12) Мергендер үшiн апта сәттi басталады. Көптен ойда жүрген көкейкестi мәселелердiң шешiмi оңай табылады. Оқуға және бiлiмдi жетiлдiруге деген ықыласыңыз артады. Туысқандарыңызбен, достарыңызбен, көршiлерiңiзбен және таныстарыңызбен қарым-қатынас жасаудың қолайлы сәтi. Бұрын ренжiсiп қалған адамдармен қайта татуласудың да ретi келедi. Аптаның екiншi жартысында өзiңiз жақсы керетiн адамыңызбен арада түсiнiспешiлiк орын алады. Оған достарыңыз таратқан жалған ақпарат себепкер болады. Бұған бола жасымаңыз, қашан да әдiлдiк жеңедi. Тауешкi (22.12 – 20.01) Қаржы мәселесiн шешуде аптаның алғашқы жартысы қолайлы болады. Тұрмыс жағдайыңыз айтарлықтай дәрежеде жақсарады. Оған көптен өзiңiз ұнатып жүрген затты сатып алуыңыздың әсерi тиедi. Осы аптада алған заттарыңыз сапалы болып кездеседi және түтыну мерзiмi де ұзаққа кетедi. Өзiнiң түр-тұлғасын сақтағысы келген тауешкiлер үшiн тамақты орынсыз көп жеуден тыйылған абзал. Бұл аптада сiз көздеген мақсатыңызға қол жеткiзе аласыз. Жақын туыстарыңызбен арада ренiш тууы мүмкiн. Оған сiздiң олармен ұзақ уақыттан берi қарым-қатынаста болмағаныңыз себепкер. Үй жұмысы мен қызметтегi iстi үйлестiрудiң ортақ жолын тапқаныңыз абзал. Суқұйғыш (21.01 – 19.02) Көп уақытын сабаққа және бiлiмiн жетiлдiруге арнайтын суқұйғыштар үшiн сәттi болады. Маңызды мәселелердi оқуға, алға қарай ұмтылуға әрекет жасаған дұрыс. Ұлы адамдардың өмiрiнен жазылған кiтаптарды көбiрек оқыған пайдалы. Ұлттық дәстүр-салтты, әдет-ғұрыпты дәрiптейтiн шығармаларға да мән берген жөн. Өзге елге немесе қалаға жасалған саяхат сәттi болады. Осы аптада сiздiң сүйкiмдiлiгiңiз арта түседi, талай жаннын қызығушылығын тудырасыз. Кептеген пайдасыз кездесулер, сенiмсiз достармен байланыс жасау, жалған ақпараттар орын алады. Бұл аптада сiз үшiн жаңа таныстық орнатудың қажетi жоқ. Таныстармен және көршiлермен сөзге келуден аулақ болыңыз. Балықтар (20.02 – 20.03) Бұл аптада жалғыз қалып-тосын адамдардың көңiлiн аудармаған дұрыс. Өз өмiрiндегi соңғы оқиғаларды және алдағы мақсаттарды еске түсiрiп, сұрыптауға бұл апта қолайлы. Көмекке зәру адамдарға қолұшын беруге, қажеттi шаруаларын атқарысуға сiздiң мүмкiндiгiңiз бар. Тосын түс көруден, түсiңiзде кеңiлге жақпас iс көруден аулақ боласыз. Апта соңында тапқан табысыңызды, шығынынызды жалпы қаржыңызды есептеп бiлуге мүмкiндiгiңiз болады. Қаржылай қиыншылық керуiңiз мүмкiн. Сондықтан кез-келген ақшаға қатысты мәселенi барынша дұрыс шешуге талпынғаныңыз жөн. Әзiрлеген – Бейiмбет БЕКМҰРАТОВ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дiң 2-курс студентi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *