167 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр

167 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр
Сурет: InAlmaty.kz

Бұдан бұрын 2022 жылы 191 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған еді.

Биылғы жылдың соңына дейін №9 және 11 микро аудандардағы 30 аула аумағын күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

  1. Мамыр-1 шағын ауданының тұрғындары 29/6 үйдің жанындағы аула алаңындағы резеңке жабынды қалпына келтіру мәселесін көтерді. Ауланы сапасыз жөндеу және басқа да ескертулерді мердігер ұйым («ГрадСтройСервис» ЖШС) өзінің кепілдік міндеттемелері шеңберінде толығымен жойды.
  2. Өздеріңіз білетіндей, бұдан бұрын 2022 жылы 191 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болатын.

Бүгінде №8,10, Жетісу-1,2,3,4 микро аудандарындағы 167 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Конкурстардың нәтижелеріне бірнеше рет шағымдануға байланысты №7 және 12 шағын аудандардағы 24 аула аумағын күрделі жөндеу 2023 жылға ауыстырылды.

2022 жылдың соңына дейін №9 және 11 микро аудандардағы 30 аула аумағын күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

137 ауланың жөндеу жұмыстары келесі жылға ауысады. Олар бойынша негізгі жұмыстар биыл аяқталады. Алдыңғы жылдары төселген жабынның сапасына шағымдардың көп болуына байланысты, балалар мен спорт алаңдарының резеңке жабындарын құю жұмыстары ауаның температуралық режимін сақтау қажеттілігіне байланысты келесі жылы жүргізіледі.