Мемлекеттік қызметшілер ел Конституциясы мен заңдарын сақтауға, адал әрі кәсіби қызмет етуге ант берді

Мемлекеттік қызметшілер ел Конституциясы мен заңдарын сақтауға, адал әрі кәсіби қызмет етуге ант берді
Сурет: Inform.kz

Конституция күні қарсаңында ел өңірлерінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілер ресми түрде ант берді.

Мереке қарсаңында 160-тан астам мемлекеттік қызметші Қазақстан Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты жағдайда ант берді. Ант қабылдағандардың 137-сі мемлекеттік қызметте еңбек жолын жаңадан бастаған 30 жасқа дейінгі жас мамандар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ант беру рәсімдері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі - Ант беру.

Атап өту керек, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қызметте 30 жасқа дейінгі 15 мыңнан астам азамат еңбек етеді, оның ішінде 1300-ден астамы басшылық лауазымдарда қызмет атқарады.