13 мың тұрғын үйлерін тастап кетті

13 мың тұрғын үйлерін тастап кетті
Сурет: Astanatv.kz

Италияда бір жарым күн бойы толассыз жаңбыр жауды. 

Оның салдарынан 13 мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Astanatv.kz сайтының ақпаратына жүгінсек, 5 мыңнан астам ферма су астында қалып, ондаған мың гектар жүзім алқабы су ортасында қалды. Сел көшіп, 400-дей жолға зақым келді.

Жергілікті биліктің айтуынша, мұнда соңғы 40 жылда бөгеттер салынған жоқ.

Олқылықты жою үшін гидротехникалық құрылысты басқаша жүргізу қажет.

Үкімет келесі аптада табиғи апатқа байланысты жиын өткізуді жоспарлап отыр.