11 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

11  қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Сурет: Telegram

Еліміздің солтүстік өңірлері қызыл аймақтан шығар емес

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.