11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Inform.kz

Бүгін республиканың басым бөлігінде антициклон жотасына байланысты жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады.

Елдің тек батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Өңірлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазгидрометтің мәліметіне сай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Ал Ақтөбе облысының – басым бөлігінде, Ақмола облысының – батысында, Маңғыстау облысының – солтүстік-шығысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының – батысы мен оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысы мен солтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Қостанай, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт тұтану ықтималдығы жоғары.