«Ордабасы» оқ бойы озық тұр

«Ордабасы» оқ бойы озық тұр Сурет: Kazfootball.kz

10 шілде күні футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде шымкенттік «Ордабасы» сегізінші ойын қатарынан жеңіске жетті.


Шымкент клубы 17-турдың алдын ала өткізілген ойынында көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Ордабасы» бұл кездесуде де жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.


Ойын барысында Бобыр Абдухоликов –14, Всеволод Садовский 36-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.


Ал Асхат Тағыберген – 64, Бауыржан Исламхан 86-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындады.


Осылайша шымкенттік клуб қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірді.


Аталған жеңісінен кейін «Ордабасы» турнир кестесінде 38 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Дәл сондай ұпай жинаған «Астана» екінші орынға ығысты.


Енді 15 және 16 шілде күндері 15-тур ойындары өткізіледі.


Еске салсақ, футболдан Қазақстан кубогында «Ордабасы» мен «Тобыл»  кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22