Алматыда террористік қауіптің «қызыл» деңгейі жойылды

Алматыда террористік қауіптің  «қызыл» деңгейі жойылды Сурет: интернеттен

26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі енгізіледі.


Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб Алматыдағы жағдайдың тұрақтанғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Қала аумағында қабылданған қаулыға сәйкес, 2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап лаңкестікке қарсы операция режимі тоқтатылып, террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылды», - деп жазылған Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабтың хабарламасында.



Сол уақыттан бастап лаңкестік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленеді.


Арнайы жасақ және құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жалғастыруда.


Террорлық қауіптің қазіргі деңгейінде құқық қорғау органдарына қару-жарақ пен жарылғыш заттарды табу мақсатында көлік құралдарын тінтуге рұқсат етілген.


Алматы тұрғындарынан құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытып, олардың заңды талаптарын бұлжытпай орындау сұралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09