1 қарашадан бастап ескі смарфондарда WhatsApp істемейді

1 қарашадан бастап ескі смарфондарда WhatsApp істемейді
Сурет: Seonic.pro

Бұл шамамен 10 мыңға жуық гаджетке қатысты болмақ

Сарапшылардың айтуынша, мессенджер өте қатты ескірген смартфондарда істемейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі

Мұндай өзгеріс 2011 жылы шыққан iPhone 4, сонымен қатар, шамамен 10 жыл бұрын шыққан телефондарға қатысты болмақ. 

Бұл туралы «Известия» басылымы хабарлады. 

 «Бұл құрылғылардың тиімді техникалық пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткендіктен», WhatsApp мұндай девайстарда жұмысын тоқтатады.

Сонымен бірге, бұл мессенджердің жұмысын бірден тоқтататынын білдірмейтіні баса айтылады. Дегенмен, пайдаланушылар қосымшаның жаңартуларын жүктеп ала алмайды, себебі бұл бұзылуларға немесе қауіпсіздік жүйесінің осалдығына әкелуі мүмкін.