1 наурызға қараған түні eGov.kz порталы мен egov mobile қосымшасы жұмыс істемеуі мүмкін

1 наурызға қараған түні eGov.kz порталы мен egov mobile қосымшасы жұмыс істемеуі мүмкін
Сурет: интернеттен

Бұл еліміздің бірнеше өңірінде сағат тілінің ауысуына байланысты.

eGov.kz порталының хабарлауынша, бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 29 ақпан күні сағат 22:00-ден 1 наурыз күнгі 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сол уақытта мына жобалар қолжетімсіз болуы мүмкін:

– eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;

– egov mobile қосымшасы;

– «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

– «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;

– «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;

– «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар.

Сағат тілін ауыстыратын қалалар мен өңірлер:

Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облысы.