1 наурыздан бастап барлық пойыздар бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес жөнелтіледі

1 наурыздан бастап барлық пойыздар бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес жөнелтіледі
Сурет: Rail-news.kz

Бұл өзгертулер билеттерде де ескерілген.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түніне билет сатып алған жолаушыларға, билетте көрсетілген пойыздың жөнелту және келу уақытын мұқият қарауды сұрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жолаушыларға қосымша пойыздардың жөнелту уақытындағы өзгерістер туралы SMS хабарлама жіберіледі.

Айта кетейік, егер жолаушы өз сағаттын бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес ауыстырмаған жағдайда, ол пойызға кешікпейді. Бірақ жолаушы пойыз жөнелтілгенге дейін вокзалда бір сағат күту уақытын ескеркен жөн.

Жолаушылар пойыздары бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунтында алуға болады.